Жұма, 04 қазан, 06:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылжармалықтар қуанған күн

17.08.2022

1099 0

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов қала халқымен мен қалаға қарасты ауылдық округ және кент тұрғындарымен кездесуде. Бұл жолы шаһар басшысы Қызылжарма ауылдық окурігінің халқымен кездесіп, ауылдағы атқарылған жұмыстармен танысты. Сондай-ақ тұрғындардың түйіткілді мәселесін тыңдады.

Қала іргесінде жатқан Қызылжарма ауылында аяқ су ең өзекті мәселенің бірі еді. Бүгін міне, округке бір емес үш дренажды су ұңғымасы орнатылып, пайдалануға берілді. Олар ауылдағы Ұстабаев, Н.Ілиясов, №63 көшелерінде орналасқан.

Бұл кездесудің ерекшелігі әкіммен халық бетбе-бет жүздесіп, еркін форматта далада өтті.  Қызылжармалықтар ең алдымен қала әкімінен ауыл жолдарының қашан жөнделетінін сұрады. Жасыратын несі бар, жаңбыр жауған күндері батпақтан қанша бала мектепке жете алмай, үстері бүлініп үйіне жылап бара жатқанын көзіміз көріп жүр. Бұл ауылдағы өзекті мәселенің бірі. Сондай-ақ халық жаңа мектеп салу керегін де жыл сайын айтудан жалыққан емес. Себебі ауылдағы бір мектепте бала саны екі есе артық оқиды. 

Сонымен қатар мұндағы жатақхана тұрғындары көп қабатты үйдің кәріз жүйесінің күрмеулі мәселесін көтерді. Қала басшысы А.Шәменов бұл мәселеден хабардар екенін айтып, жан-жақты зерттеу жүргізіп, алдағы уақытта осыған байланысты жұмыс істейтінін жеткізді.  

Сондай-ақ бүгінде Қарауылтөбе ауылдық округіне баратын жолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұны да қала әкімі А.Шәменов көзбен көріп, жұмыс барысымен танысты. Қазіргі кезде орташа жол жөндеу, асфальт төсеу жұмыстарымен «Қызылорда жолдары» ЖШС мердігер мекемесі  айналысуда. Құрылысқа 87 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл жұмыстар қазан айында бітіп, ел игілігіне толық пайдалануға берілмек.

Екі сағатқа созылған кездесуде ауыл тұрғындары базынасын айтып, халықпен етене жақын араласқан қала әкіміне алғысын білдірді.

– Нарықтық заманда ел үшін еңбек етіп, халықтың қошеметіне бөлену үлкен ерлікпен пара-пар. Ел басқару екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Сондықтан осы бақты ұстап тұру, халыққа адал қызмет ету әкімдерге үлкен сынақ. Әрбір ісіңе береке тілейміз, – деді ауыл ақсақалы Қожахмет қажы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: