Сәрсенбі, 08 мамыр, 05:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Сол жағалауға автовокзал салынады

13.01.2023

774 0

Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жолаушылар тасымалының сапасын көтеру мақсатында Қызылорда қаласы аумағынан жаңа автовокзал салу жоспарлануда. Бұл бағытта, әлеуетті инвестормен меморандум жасалды. Жаңа автовокзал құрылысы инвестор тарапынан толық қаржыландырылады. Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес жаңа нысан қаламыздың сол жағалауында орналасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Айта кету керек, мемлекеттік органдар тарапынан инвесторге заң аясында барлық қолдау шаралары көрсетілетін болады. Іске асыру мерзімі, яғни жобалау жұмыстарын 2023 жылдың наурызына дейін, ал құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтау көзделуде. Жалпы, жобаның құны шамамен 800 млн.теңгені құрайды, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пакуатдин Шамұратов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: