Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үсік жүреді: Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

08.05.2021

2053 0

Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбырлы ауа райы күтіледі. Балтық жағалауынан Қазақстан аумағы арқылы біртіндеп ауысатын келесі циклон жылы және құрғақ ауа райының орнын басады.

Жаңбыр алдымен елдің солтүстік-батыс бөлігіне, сосын Қазақстанның қалған бөлігіне түседі. Синоптиктердің хабарлауынша, 9 мамырда республиканың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м / с дейін күшейеді,

Елдің шығыс бөліктерінде 23-28 м / с дейін жетуі мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал.

Қазақстанның оңтүстігіне әлі де жылы ауа массалары әсер ететіндіктен, бұл өңір айтарлықтай салқындамайды. Мәселен, күндіз ауа температурасы 22…30°С дейін жылынады, алайда солтүстік облыстарда 7 мамырда температура фоны 12…20°С дейін төмендеп, түнде үсік жүруі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, 15-20 м / с-ке дейін жел күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде желдің 15-20 м / с-ке дейін күшейеді. таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: