Интернаттың 11-сынып оқушысын қатарластары жасөспірімнің шетелдік университетке грантқа түскенін біліп, қызғаныштан ұрып-соққан, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Lada.kz жазуы бойынша оқиға Жаңаөзен қаласында болған. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы Жаңаөзендегі «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары. Оның үстіне, дереккөздердің хабарлауынша, төбелеске себепкер оқу орнының президенті болған.
Айтуларынша, жігітті үйінің маңында жиналған жұрт ұрып-соққан. Баланың әкесі көмекке жүгіргенімен, қарсы тұра алмай, соққыға жығылған.
Зардап шеккендердің екеуі де қазір ауруханада. Дәрігерлер оларға 11-сынып оқушысы мен оның әкесі түскенін растаған.
Маңғыстау облысының полицейлері қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, – деді полициядағылар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!