Жұма, 26 сәуiр, 13:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

2 млн теңгеден аса шығын келтірген

02.11.2021

522 0

Арал аудандық полиция бөліміне 1 қараша күні газ құю бекетінің басшылығынан ақша ұрланғандығы туралы арыз түскен. Полиция қызметкерлері бекеттен белгісіз біреудің банк қосымшасы арқылы ақша ұрлағанын анықтады. Келтірілген шығын көлемі екі миллион теңгеден асқан.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды. Ол бұрын осы бекетте жұмыс істегені белгілі болды. Күдікті жасаған іс әрекетін мойындады. Бүгінде одан облыс төңірегінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: