Құрылтай

Сейсенбі, 14 шiлде, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

2026 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтті

14.07.2026

39 0

2026 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өткізілді. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, соттың қараған істері мен сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат берілді.

Баспасөз конференциясында сот төрағасының міндетін атқарушысы судья С.Рустемов 2026 жылдың алғашқы алты айында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау нәтижелеріне тоқталды.

Есепті кезеңде сот өндірісіне:

 Қылмыстық істер бойынша 2026 жылдың 6 айында сот өндірісіне 40 қылмыстық іс 51 адамға қатысты
түскен. (2025 жылдың жыл басы бойынша қалдықта 8 қылмыстық іс 11 адамға қалған). Жалпы есептік кезеңде сот өндірісінде 48 қылмыстық іс 62 адамға қатысты болған.

Үкім шығару арқылы қаралған істер саны
2025 жылдың 6 айында 20 іс бойынша 33 адам, оның (18 кәмелетке толмағандарға қатысты); 2026 жылдың 6 айында 35 іс бойынша 40 адам оның (13 кәмелетке толмағандарға қатысты);

Сот үкімі негізінде тағайындалған жазаларға тоқталсақ: шартты түрде бас бостандығынан айырылған 9 адам оның ішіде 8 кәмелетке толмағандарға қатысты, бас бостандығынан айырылғаны 4 адам оның ішінде 1 кәмелетке толмағандарға қатысты, бас бостандығынан шектеу 23 адам оның ішінде 4 кәмелетке толмағандарға қатысты және рақымшылық заңына сәйкес босатылғаны 4 адам.

Азаматтық істер бойынша 2026 жылдың 6 айында сот өндірісіне 13 азаматтық іс 1915 талап қою арыздар түскен.
2025 жылы 6 айында 8 азаматтық іс 1838 талап қою арыздар түскен.

Яғни, түскен талап қою арыздары саны өткен жылмен салыстырғанда  77 іске немесе 4,1 % көбейген. Осы есепті мерзімде 1699 азаматтық іс өндірістен аяқталса, өткен жылы осы мерзімде 1654 іс аяқталған. Аяқталған істер саны 45 іске 2,7% көбейген. Шешім шығару арқылы қаралған істер саны 717. Өткен жылы шешім шығару арқылы яқталған іс саны 651. Өткен жылмен салыстырғанда 66 шешімге немесе 10,1% көбейген.

2026 жылдың 6 айында 363 азаматтық іс қараусыз қалдырылған. (2025
жылдың 6 айында 400 іс). Яғни, қараусыз қалдырылған істер саны өткен
жылмен салыстырғанда 37 іске немесе 9,25% азайған.

2026 жылдың 6 айында 107 талап қою қайтарылған.
(2025 жылдың 6 айында 75 талап қою). Яғни, қайтарылған арыз саны
өткен жылмен салыстырғанда 32 арызға немесе 42,6 % -ға көбейген.

Қысқартылған істер бойынша: 2026 жылдың 6 айында барлығы 79 іс қысқартылған. Оның ішінде татуласу рәсімдерімен 70 іс қаралған. Медиация тәртібімен 67 іс. Бітімгершілік тәртібімен 2 іс. Партисипативтік тәртібімен 1 іс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2026 жылдың 6 айында 247 іс түсіп, оның ішінде 200 адамға қатысты іс
аяқталған. Өткен жылмен салыстырғанда 89 іске немесе 56,3% -ға артқан. 2026 жылдың 6 айында әкімшілік жазаға тарту туралы 134 қаулы
қабылданып, қысқарту туралы 66 қаулы қабылданғанын толық қанды жеткізді.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: