Жұма, 22 мамыр, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

300 кітап: ізгілікке иек артқан игі іс

22.05.2026

135 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Кенен білімнен кенде етпейтін рухани бастау – кітапта. Алтын қазына деп кесіп айтатынымыз да содан. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі кітапхана ісін ілгерілетуге көңіл бөлген.

Бүгінде сөре 300-ге жуық кітаппен тағы толықты. Яғни, Салтанат есімді қала тұрғыны кітаптарды сыйға тартып, жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Түрлі жанрды қамтитын әдеби еңбектердің ойға қозғау салып, санаға сәуле түсірері сөзсіз.

– Жазасын өтеуші азаматтарды қайта әлеуметтендіру бағытындағы жұмыста кітаптың орны ерекше. Сондықтан, олардың сұранысын ескеріп, қажетті әдебиеттерді толықтыруға әрдайым мән беріп келеміз. Яғни, қорымызды мазмұнды, тәрбиелік әрі танымдық кітаптармен байытуға тырысамыз. Бүгінде мекеме кітапханасындағы жалпы кітап саны 5 мыңнан асты. Әрбір тарту етілген кітапты жоғары бағалаймыз. Осындай жанашыр жандардың қолдауы кітапхана жұмысын жандандырады, – дейді мекеменің кітапхана маманы Асылбек Бурханов.

Мекеме алдағы уақытта да игі бастамаға иек артып, құндылықты дәріптеуге ден қоя бермек.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: