Жексенбі, 19 мамыр, 06:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

36 жастағы әйел өзіне дене жарақатын салған қылмыскермен некелесті

26.10.2022

702 0

Бұл жерде кекшілдік те, кешірім де бар. Бұл жерде қуаныш та бар, жұбаныш та бар. Бұл – қарама қайшылыққа толы әртүрлі тағдырлар тоғысқан жер. Атап айтқанда, Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесі. Мұнда әртүрлі қылмыс жасап түскендер ұсталынуда. Соның бірі ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен сотталған азамат.

Сотталған бұл қылмысын әйелді қатты сүйгендіктен жасағандығын айтып ақтарылды.

Мен оны бұрынғы өміріне қарамастан, сүйіп қалдым. Сүйген адам кешірімді келеді дейді. Бірақ, сол күні ғашығымның өзге еркекпен саунаға кіріп бара жатқанын көріп, ашудан өз-өзімді ұстай алмай, қызғаныштан қылмыс жасадым. Қылмыстың өтеуі жаза. Енді сегіз жылымды темірторда өткіземін. Сондықтан онымен жиі кездесіп тұру мақсатында өтінішіміз негізінде, мекеме заңгерінің көмегімен неке куәлігін алдық. Енді ол менің заңды некедегі әйелім. Ол мені кешіріп, менімен тағдырын қосты. Бұл менің бостандыққа шығуға деген үмітімді арттырады. Ал ең жақын деген адамдарым, арбаға таңулы мүгедек әкем мен жанашыр анам және 7 бауырым өзімнен 14 жас үлкен әйелмен байланысып, қылмысқа тартылғандығым үшін маған өкпелі – дейді, өкінішті үнмен 2000 жылғы туылған Н есімді жас жігіт.

Ия, бір өкініш бір үмітті арқалап, махабаты үшін жазаға тартылған қылмыскер енді жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Ал әзірге тән жарақатын алған әйелі қамаудағы сүйіктісіне сәлем-сауқат тасып, жанашырлық танытып, жан жарасын емдеп жүр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: