Жексенбі, 19 мамыр, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда көлік прокуроры азаптауға қарсы іс-қимылдың тиімділігі мәселесін талқылады

19.03.2023

514 0

Қызылорда көлік прокуроры аға әділет кеңесшісі Е.Лесбеков Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіп, онда азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар намысты қорлайтын іс әрекеттерге, сондай-ақ тергеу мен анықтау барысында басқа да рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігі талқыланды.

Азаптауға қарсы іс-қимылдың негізгі міндеті азаматты ұстау және қылмыстық қудалау органдарына жеткізу сәтінен бастап рұқсат етілмеген әдістердің алдын-алу болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында  азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуына талап қойылды.

Кездесу барысында, көлік прокуроры азаптау жазаларын қатаңдату жөнінде қажетті шаралар қабылданғанына және 2023 жылдан бастап азаптауға байланысты қылмыстық істерді прокуратура органдарымен тергелетініне назар аударды. Сонымен қатар, қызметкерлердің азаптаулар жасағаны немесе азаматтардың конституциялық құқықтарын жүйелі түрде бұзғаны үшін басшылар жұмыстан шығарылуға жататындығын ескертті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: