Сенбі, 27 сәуiр, 12:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

407 азамат көлікті масаң күйінде тізгіндеп, 22 азамат басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды

05.10.2022

412 0

Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі көлікті мас күйінде жүргізу екендігі бәрімізге мәлім. Осы ретте, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын-алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай рейдтерге күн-түн демей шыққан патрульдік полиция қызметкерлері басқарманың 9 ай қортындысымен мас күйінде көлік басқарған 407 жүргізушіні ұстады.


​Заң бұзушыларға ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен тәртіп бұзған 385 азаматқа хаттама толтырылып, мас күйде автокөлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген.

Көлік басқару құқығы жоқ көлік жүргізушісі, автокөлікке қайтадан масаң күйде отырып, ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) 22 азамат ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды. ​Мас күйінде көлік құралын жүргізу өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін екенін естен шығармағанымыз абзал.

Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: