Сәрсенбі, 08 мамыр, 00:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Ақниет» оңалту орталығының теологтары
жаза өтеу мекемесінде тұрақты түрде дәріс жүргізуде

04.04.2023

440 0

«Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының филиалы өңірімізде өз жұмысын бастағалы да үш жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде аталған қордың теологтары мен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің ТОЖ ұйымдастыру тобының инспекторлары бірігіп біршама жұмыстарды атқарды. Қордың өңіріміздегі жетекшісі Ислам Каюповтың айтуынша білікті мамандарды жұмыспен қамтып отырған аталмыш қордың жұмысы қазіргі таңда өз жемісін беруде.
Осы орайда қор жетекшісі сотталған азаматтарға «Ақида мәселесі» және Мәтуриди ақидасы қазақ халқының хақ сенімі екендігін түсіндіріп, дәлел ретінде қазақ хандығы дәуірінде өмір сүрген ақын-жыраулардың поэзиясына да зер салып, қазақ халқының Хақ дінді берік ұстанғанынан хабардар бола алатындығымызды жеткізді. Оған мысал ретінде Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Ақтамберді, Бұқар, Шөже Махамбет және т.б. еңбектерінде Ханафи-Мәтуриди сенім мектебінің сарыны айқын аңғарылады. Тіпті олардың ізін басқан Ыбырай Алтынсарин, Хакім Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрімдер де Мәтуриди ақидасына берік болғандығын сотталғандарға тарихи дәлелдерді келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осыған орай жазасын өтеуші азаматтар өз ойларымен бөлісіп отырды.

  • Қазіргі таңда біраз ақын-жыраулардың шығармаларымен таныстық. Мен бұрын қазақ халқының өлең-жырларында Ислам тақырыбы жырланатынын білмегедім, – деді өз сөзінде Н. есімді азамат.
    Екі жақты кешенді түрде жүргізіліп жатқан жұмыстар қазіргі таңда өз нәтижесін беріп жатқандығын нық сеніммен айтуға болады. Алдағы уақытта да осы дәстүр бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, көптеген нәтижелерге қол жеткізілетініне сенім мол.

  • Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: