Сейсенбі, 21 мамыр, 13:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Арба ұрлаған азамат қосымша жазасын атқарып жүр

09.04.2024

396 0

Сурет:


Жуырда С. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына бір жүз сағатқа мәжбүрлі еңбек атқару міндеттелген.

Бұл азамат көршісінің арбасын ұрлап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Қазіргі таңда сотталған азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда.
«Жаза басып, қылмыс жасағаныма қатты өкінемін. Көше сыпырып тазалық жұмыстарын атқарып жүрмін. Жастарға айтарым, қылмысқа бармаңдар, білім алып,оқыңдар,жұмыс жасаңдар, адал еңбекпен ақша табыңдар, қылмыстың өтеуі жаза дер едім»- деді сотталған азамат.
Жалпы мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғанның атқарған жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК-нің 62-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органға жүктелген.
Қазіргі уақытта Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған 58 сотталған азамат тұрғылықты жері бойынша сот үкімімен міндеттелген мәжбүрлі еңбегін атқаруда.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: