Бейсенбі, 25 сәуiр, 17:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Арнайы есепке алу бөлімі немен айналысады?

22.07.2022

420 0

Қатаң тәртіп, талапшылдық, тазалық пен асқан жауапкершілік бұл – ЗК-169/1тергеу изоляторының Арнайы есепке алу бөліміндегі жұмыс жасайтын қызметкерлердің барлығына тән басты қасиет. Олай болса, бұл бөлім немен айналысады, ондағы қызметкерлердің міндеті қандай деген сұраққа бөлім бастығы, әділет майоры Ф.Сембаевадан жауап алып көрейік.


Біздің Арнайы есепке алу бөлімі мекеме қамауында отырған арнайы контигенттердің жеке істерін жүргізу жұмыстарымен,құжаттары бойынша жұмыс атқарады. Бөлімде 6-қызметкер бар. Оның 4-еуі аттестатталған болса, 2-еуі ерікті жалдамалы қызметкерлер.Бұл қызметкерлер «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің ҚАЖ Комитетінің тергеу изоляторында ұсталынатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрінің 2022 жылғы 18 ақпанындағы №87 бұйрығымен, ҚАЖ комитетінің 13.02.2017 жылғы №107 жылғы бұйрығы «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық – атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларына(2014ж 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы « ҚР Ішкі істер мекемелерінің 2022ж 23 мамырдағы №370 бұрығын, ҚР Заңдарын,басқа да, нормативтік – құқықтық актілерді, арнайы есеп бөлімінің қызметін реттейтін ведомствалық бұйрықтар мен нұсқаулықтарды басшылыққа алады. Барлық қызметкерлер өзінің бекітілген лауазымдық міндеттеріне сай қызмет атқарып келеді.


Яғни, сотталғандардың сот үкімі шыққан сәттен бастап бар жеке дерегі осында сақталады. Егер қайта сотқа шақыртылған болса немесе сот үкіміне өзгертулер енсе, рақымшылық жасалса, заң негіздеріне сүйене отырып, барлық құжатты топтпстырамыз. Жауапкершілік пен құыптылық біздің бөлімге ауадай қажет. Өйткені мұнда әр азаматтың тағдырының үкімі кесілген. Сондықтан біз, қамаудағылардың құжаттарын толтыруға аса жауапкершілікпен қарап, әр ісімізді тиянақты атқарып жүрміз – деп, жауап берді ресми түрде бөлім бастығы майор Сембаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: