Жұма, 17 мамыр, 13:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Бақытты болашақтың кілті – балада

30.06.2022

1432 0

Жаз келді дегеннен оқу жылы аяқталып, демалысқа шығатын кез келді деуге болады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мәселенің бірі. Себебі бақытты болашақтың кілті – балада. Осы бағытта Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тынбай еңбек етуде.

Олар Арал ауданының «Қамбаш» балалар сауықтыру лагерінің оқытушылар құрамымен бірлесіп акция ұйымдастырды. Жазғы тынығу лагерінде балалар флешмоб көрсетіп, суреттер көрмейсін өткізіп, спорттық шаралар мен үгіт-насихат қойылымын дайындады. Жазғы кезеңде мұндай игілікті істер тұрақты түрде өткізіледі. Сондай-ақ балалармен «спайс» шылым қоспалары, синтетикалық есірткілер, есірткінің түрлері, есірткі сатушылардың есірткіні қолдануға баулу әдістері туралы әңгіме жүргізеді. Полиция қызметкерлерінің ондағы басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Сыр өңіріндегі «Қамбаш» балалар сауықтыру лагері жыл сайын бүлдіршіндердің демалыс уақытын тиімді өткізуге таптырмас бірден-бір орын. Мұнда келген әрбір баланың толық демалуына барлық жағдай жасалған. Олар баланың шығармашылығы мен қоғамдық белсенділігін арттыруға, спорт және басқада танымдық қызмет түрлерін дамытады.   Шара соңында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қамбаш» лагерінің тынығушыларына сыйлықтар үлестіріп, алғыс хатпен марапаттап, керемет көңіл-күй сылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: