Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Біреудің көлігін ұрлаған мас жүргізуші ұсталды

28.06.2022

392 0

25 маусым күні түнгісағат 23:23 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаменті Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің «102» арнасына аудан тұрғыны қоңырау шалып, үйінің алдында тұрған «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлаған.

Қаскүнемді ұстау мақсатында Жаңақорған аудандық полиция бөлімі «Тосқауыл» жоспарынжариялады. Полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті аудан көшелерінің бірінен тапты. Анықталғандай, көлікті айдап кеткен күдікті басқару басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жиегінде аударылып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Оқиға орнында43 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, тексеру барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету))сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: