Бейсенбі, 25 сәуiр, 07:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Біреудің көлігін ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған

29.04.2021

1003 0

Қызылорда қалалық ПБ-ң Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері 28 сәуір күні бөтен көлікті ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған тұрғынды ізін суытпай ұстады.

Ер азамат мекемелердің бірінің гаражы алдында тұрған жол талғамайтын көлікті ұрлап, басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жиегінде аударылған. Жол – көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 3-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.  Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: