Сейсенбі, 23 сәуiр, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі күн – ертеңгі тарих

09.03.2023

675 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті № 60 мекемесінде 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шарада мекеме басшысы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы Қылмыстық-атқару жүйесінде абыройлы қызмет етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер аналарды 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекелік сый табыстады.
Бүгінгі таңда әйелдердің түрлі саладағы рөлі мен ықпалы кеңейіп келеді, олардың жетістіктері елдің барлық азаматтарын ынталандырады, жастар үшін жақсы үлгі болып табылады.

  • Аяулы арулар, ардақты аналар! Қолдауларыңыз үшін, жүрек жылуы үшін, кез-келген өмірлік жағдайға қарамастан әдемі бола білгендеріңіз үшін рахмет. Уақыт пен ақыл – ой күшін аямай, отбасыңыз бен жақындарыңыз үшін жасаған барлық істеріңіз үшін рақмет, – деді мекеме басшысы Мақсұт Өтегенұлы. Қылмыстық – атқару жүйесі ардагерлері Ольга Васельевна, Базаркул Қартабайкызы, Райхан Әбілқасымұлы, Рашида Гаптельевавалевна мекеме бастығының «Грамотасымен» марапатталды.
    Сонымен қатар, осы салада қызмет етіп келе жатқан арулар да назардан тыс қалмады.
  • Құрметті мекеме ұжымы! Ардагерлерді ардақтап, осынау керемет мерекеде көңілімізді қуантып жатқандарыңыз үшін мың алғыс! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық, барлық тілектеріңіздің орындалуын тілеймін! Сіздердің жасампаз энергияларыңыз жаңа Қазақстанның қуатты қозғаушы күшіне айналатынына сенімдімін,-деді өз сөзінде ардагер Базаркүл Қартабайқызы.
    ҚАЖ департаменті № 60 мекемесінің жедел тобының жедел уәкілі Аян Досановтың анасы Асыл Нақбергенқызы, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің инспекторы Мерей Рахымовтың анасы Орынгүл Мұсаханқызы, сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысын жүргізу бөлімшесінің жасақ басшысы Бағдаулет Мырзаханның анасы Нургуль Алимьаевна «Офицердің анасы» төсбеогісімен, жедел тобының жедел уәкілі Аян Досановтың жұбайы Гүлнұр Дүзелбайқызы “Офицердің жұбайы” төсбелгісімен марапаттады.
    Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: