Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі күннің батырлары

22.04.2022

1115 0

Қызылорда қаласында Әбділда Тәжібаев  атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бейбіт замандағы батырларды таныстыру және олардың ерлігін қастерлеп, жас буынға насихаттау мақсатында азаматтарды  қауіп-қатерден, қайғылы оқиғалардан қорғап жүрген, мыңдаған адам өміріне араша түскен маман иелеріне арналған «Қазіргі заман батырлары» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.  ​

Іс – шара барысында өзінің ержүрек ерлігімен бірнеше мәрте адам өміріне араша түскен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны саптық бөлінісінің взвод командирі Сатенов Бектұр Амангелдіұлымен қала аумағында орналасқан  колледж студенттерімен кездесу жиыны өтті.​Ерлік жасау мамандық пен сала таңдамайды. Десе де, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ол – тәртіп сақшылары.       

Полиция капитаны Сатенов Бектұр студенттерге 2021 жылдың  26 мамырында Ақмешіт мөлтек ауданы №2 үйдің екінші қабатында өрт сөндіру мақсатында жасаған іс әрекеттерін айтып өтті. Полицейлер төтенше жағдай қызметіне дереу хабар берген. Ол кезде тек Бектұр Амангелдіұлы ғана болмаған  Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының жаяу бағыттағы қызметкерлерімен бірге тұрғындарды құтқаруға шұғыл кіріседі. Пәтердің есігін күш қолданып ашып, 1967 жылы туған азаматшаның өміріне араша болғандығын сол сәттегі сезімімен студенттермен бөлісті.  

Бұл Бектұр Амангелдіұлының жасап жатқан бірінші ерлігі емес. Ол, 2010 жылдың сәуір айында Бектұр ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз қолымен  «Ерлігі үшін» омырау белгісімен марапатталған болатын.  Бірнеше жылдан соң осындай оқиға қайталанып, адам өміріне араша болғаны үшін 2021 жылы ІІМ «Жауынгер ерлігі» медалімен марапатталған болатын.  Кездесу барысында тәртіп сақшысы полиция қызметкері қандай оқыс оқиға болмасын бірінші кезекте полиция қызметкері баратындығын еске сала кетті.                  

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: