Кәріз жүйесінің шаруашылық-тұрмыстық және сарқынды су, сұйық өнімдерді шығаруға арналған су бұру жүйесінің бір бөлігі ретінде қызметі өте маңызды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру және қадағалап отыру маңызды.
Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов бастаған жұмысшы топ «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнына қарасты кәріз насос станцияларының жай-күйіне зерделеу жүргізді.
Тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуде және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуде маңызды салалардың бірі саналатын кәріз жүйесі тоқтаусыз жұмыс істеуі қажет. Осы бағытта жұмысшы топ №6 «Южный», №101 орта мектеп жанындағы кәріз насос станциясы, Саяхат тұрғын ауданындағы шағын КНС, натрий гипохлоридін өндіру қондырғысы нысандарын аралап, олардың қазіргі уақытқа бейімдеу, жүйені жаңғырту жұмыстарын көрді.
Сонымен қатар Тасбөгет кентінің тұрғындарының шағымына байланысты ондағы модульді биологиялық тазарту станциясында ассенизаторлық автокөліктерден қабылданатын сарқынды сулар жолы тоқтатылды. Қазіргі таңда Саяхат тұрғын ауданында аталған қызмет түріне есептелген шағын кәріз насос станциясының құрылысы жүргізілуде. Жауапты сала мамандарына анықталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстар тұрақты бақылауға алынған.
Қалада кәріз жүйелерін тазарту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!