Жексенбі, 10 мамыр, 22:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендерге қандай жаза қолданылады

10.05.2026

45 0

Фото: ҚР ІІМ

Әлеуметтік желілерде танымал болу мақсатында табиғи және тарихи ескерткіштерге зиян келтіру оқиғалары көбейді. Осы ретте Ішкі істер министрлігі Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасына залал келтіргендер заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы ретінде мемлекет қорғауында тұр. Жартастарға, ескерткіштерге және басқа да мәдени және табиғи объектілерге жазу жазу немесе оларды бүлдіру заңсыз саналады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес (Вандализм), мемлекет қорғауындағы объектілерді бүлдіргені үшін 100-ден 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі өз еліне, оның табиғаты мен тарихына құрметпен қарау әр азаматтың міндеті екенін еске салады. Вандализмнің кез келген түрі заңмен қатаң жазаланады, себебі қоғамдағы тәртіп пен заңдылық әр адамның жауапкершілігіне негізделген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Бәйтерекке» құрметсіздік танытқан астаналық қамауға алынды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: