Жұма, 22 мамыр, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Дағдарып қалмаудағы дамылсыз әрекет

22.05.2026

127 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Тұйыққа тірелмей, ойды оң бағытқа бұрудың тиімді тетігі жоқ емес. Соның бірі – тәрбиелік іс-шара өткізіп, уақытты тиімді ұйымдастыруға ұмтылу. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі “Асыл мұра – Орда” қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Отбасы күнінде мазмұнды бастама көтерді. Яғни, жазасын өтеушілер тоғызқұмалақтан сынға түсіп, «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында өткен шығармашылық байқауға қатысты.

Өзара бақ сынасқан олар тақтадағы тартыста тапқырлық пен төзімділікті қатар ұштастыра білді. Ойында озық болуға барынша тырысқаны да әп дегеннен байқалды. Шығармашылық кезеңде де көп бөгелмей, ішкі толғанысты қағаз бетіне түсіре білді.

– Мұндай іс-шара арқылы жазасын өтеушілер өз қабілетін танытып, ішкі әлеуетін ашуға қадам жасайды. Біздегі мақсат та осы. Әр адамның қоғамға бейімделуіне жағдай жасап, оң өзгерісіне ықпал етсек деген ниет. Қайткенмен де, тәрбиелік және зияткерлік бағыттағы бастамалардың тәртіпке, сабырға, жауапкершілікке баулитыны белгілі, – дейді АКАӘПТЖББ-ның бөлім бастығы әділет майоры Бақдәулет Тулепбергенов.

Қорытынды кезеңде жеңімпаздар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: