Сейсенбі, 23 сәуiр, 23:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Дауларды сотқа дейін шешу тетіктері оңтайлы жұмыс істеуде

07.07.2021

794 0

Бүгінгі күні елімізде дауларды сотқа дейін шешу, бітімге келу, татуласу, медиация сынды ізгілікті заң тетіктері оңтайлы жұмыс істуде. Бұл тұрғыда тиісті заңдар толықтырылып, дауды баламалы түрде шешу тәсілдерінің көкжиегі кеңейтілді. Құқықтық институт дүниежүзінде кеңінен қолданылады. Билер институтының басты мақсаты дауласқан тараптарды татуластырып, залалдың орнын толтыру, яғни, келіспеушілікті ушықтырмай шешу. Медиация институтының дамуына Жоғарғы Сотта айрықша басымдық берілуде.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асановтың бастамасымен республикамыздың бар өңірінде татуласу орталықтары ашылды. Оларда арнайы мамандар жұмылдырылып, халықтың құқықтық сауатын арттыруға белсенді атсалысуда.

Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасына сай жүзеге асып жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының нәтижесі бұл күнде жоғары. Әсіресе, дау шешудегі таңдау тараптарға берілуі өзін-өзі ақтауда. Мәселен, талап арыз қабылданғаннан кейін судья, яғни, талап қою соттың іс жүргізуіне алынғанға және істі қозғағанға дейін тараптарды татуласу рәсіміне қатысуға шақырады. Келіскен жағдайда тараптар татуласу рәсімінің түрін таңдап, ол туралы өтінішхатта көрсетеді. Бұдан соң судья азаматтық істі қозғау, істі сот талқылауына дайындау, тараптың өтінішхаты болған жағдайда қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарым шығарып, татуласу рәсімін өткізеді.Медиациялық келісімде судья-татуластырушы тараптарға қойылған талаптардың шегінен шығу құқығын, жауапкердің қарсы шарттар қоюға мүмкіндігін жан-жақты түсіндіреді. Нәтижесінде өзара тиімді шарттар бойынша келісім жасалады. Өз кезегінде бұл тараптардың алаңдаушылық сезімін басып, ризашылыққа әкеледі. Мұндай жағдайда ұйғарымға шағым келтірілмейтіні анық. Медиацияның ең тиімді тұсының бірі соттар жүктемесінің азаюына оң әсер етуде. Сотқа даусыз істермен жүгінетіндер де жетерлік. Сондай кезде тараптардың өзара келісімге келуінде татуласу рәсімдерінің маңызы зор. Мемлекеттік баждың қайтарылуы да азаматтар мен заңды тұлғалардың дауды бітімгершілік жолымен шешуге ынталандырады. Әсіресе, жоғарыда аталған жоба аясында дау-дамайлар тез арада шешімін табуда. Жобаның басты артықшылығы да осында.

Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгендей, халықтың құқықтық сауатын арттыруда заңдар нормаларын түсіндіру БАҚ-пен тығыз байланысты қажет етеді.

Сондықтан, медиацияның тиімділігін үздіксіз насихаттау оның дамуына жаңа қуат береді.

Қызылорда облысы
кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының
Бас маманы
Д.Т.Тайыров

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: