Жексенбі, 28 сәуiр, 00:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Елді бірлікке үндейтін заң

12.12.2022

843 0

Елдің тұғырлы, ғұмырлы болуының басты жетекші күші – ұлттық бірлік. Ел ішінде тыныштық, ынтымақ билеуі үшін бәрінен бұрын елдің ұлттық бүтіндігі қамтамасыз етілуі және елді құрайтын адмдар, ұлттар,түрлі топтар арасында түсіністік пен ара-қатынастың, тіпті тілектестіктің болуы қажет. Елді қалыптастыратын факторлардың маңызды элементтері сенім, отан, тарих, байрақ, бірлік, татулықта өмір сүру қалауы. Міне осылар ынтымақ, бақ-берекенің ортақ кілті.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, көп мемлекеттер сыртқы күштердің емес, ішкі алауыздықтың, іштегі сатқындар, дұшпандар тарапынан ыдыратылған. Қазіргі заманда да мұның мысалдары көп. Бұл қауіп әркез төніп тұр. Ұлттық жоспары, ұлттық мақсаттары болмаған елдер (саяси, экономикалық, мәдени) сілкіністер кезінде үлкен жарақаттарға тап болады. Үлкен мақсаттары, асқақ армандары болмаған мемлекет дамымайды, қатардағы қарапайым елдердің бірі болып жүре береді.

Темірқазық жұлдызына жете алмаймыз, бірақ оған қарап бағытымызды белгілейміз. Ұлттық және рухани құндылықтарымыз, ұлттық бірлік және ұлттық мақсаттарымыз елдің тұтастығын нығайтушы рухани күш.  Ұлттық мақсаттар (ұзақ-орта-қысқа мерзімді) ретінде жоспарлануы керек. Бұл орайда еліміздің тұңғыш  Президентінің атқарып кеткен еңбегі зор. «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Қазақстан – 2050» секілді жоспарлары осы жолда жемісін беруде.

Сондай-ақ ұлттық бірлік пен ұлттық мақсаттарды уағыздауда және іске асыруда тек саясаткерлер емес, зиялы қауым, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жалпы халық бір ауыздан ат салысуы қажет.

Елдің ынтымағын қамтамасыз етудің жолы – бөлінбеу. Араңдатушылыққа, іріткіге жол бермеу. Қазақстан – әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдері мекен ететін алтын отанымыз. Ұлтымыз, дініміз, мәдениетіміз өзгеше болуы мүмкін. Жақсы көретін, жақтырмайтын адамдарымыз да өзгеше болуы мүмкін. Бірақ бір ортада, бір отанда өмір сүру үшін бұлардың ешқайсысы кедергі емес. 18 миллион халықтың барлығын жақсы көруге мәжбүр емеспіз, адамдардың барлығына жақсылық жасауға мәжбүр емеспіз, бірақ ешкімге жамандық етпеуге, ешкімге зиянымызды тигізбеуге мәжбүрміз.

Әркім өз тұрғысынан әділ, адал болуға, ешкімнің ақысын жемеуге, әдеп қағидаларын сақтауға мейлінше тырысса, еліміз өркендей бермек.

Әлеуметтік желілерде әртүрлі жазбалар, монтаждалған видеолар, түбірі жоқ жалалар толып жатыр. Бір-бірін жамандап, боғауыз сөз, боралап жатқандар да аз емес. Мәселен бір мысалды көрсетіп, бір ұлттағы бүкіл адамдар немесе бүкіл мұсылмандар осындай жаман екен деген пайымдаулар бар. Негізінде дұшпандардың қалағаны осы. Дұшпандардың мұндай ойындарына құрал болудан сақтану керек. Бес саусақ бірдей емес, кез келген қауымның жақсылары болатынындай, жаманы да болуы мүмкін.бір жаманды көрдім деп бәріне топырақ шашудан аулақ болу керек.

Заманымыз дұшпан арттырудың емес, дос арттырудың, ынтымақтастықтың заманы. Майда-шүйде келеңсіздіктерді тастап, ауызбірлікке ұмтылудың заманы. Сондықтан әлеуметтік желілерде, жалпы кез келген жерде бөлінушілікке, іріткіге жол бермеуге бір ауыздан ат салысу керек. Бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды!Бірлік бар жерде тірлік бар!

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы О.СЕЙСЕНТАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: