Сенбі, 24 ақпан, 10:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Енді жол апатынан кейін патрульдік полиция шақырудың керегі жоқ: Президент тиісті заңға қол қойды

15.07.2022

479 0

Енді кішігірім жол көлік оқиғалары мен сақтандыру төлемдері полицейлердің қатысуынсыз реттеледі. Сол арқылы апат салдарынан зардап шеккен тарап сақтандыру төлемдерін ертерек өндіруге мүмкіндік алып отыр. Президент бірқатар өзгертулер енгізілген сақтандыру нарығына қатысты заңға қол қойған. Бұл мәселе былтырдан бері талқыланып келген еді. Себебі қолданыстағы заң бойынша жол-көлік оқиғасын ресімдеу өте ұзақ процеске айналған, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы. 

Бұған дейін алдымен оқиға орнына патрульдік полиция келіп хаттама толтырады. Сосын жол апатына ұшыраған жүргізушілер медициналық мекемеге барады. Кім кінәлі екенін анықтау үшін соттың көмегіне жүгінеді. Ал осыдан соң 1-1,5 айдан кейін сақтандыру төлемдеріне қол жеткізетін. 

Енді бұл процесс айтарлық жеңілдетілді. Өйткені кішігірім апат болған жағдайда полицейлерді шақыртудың қажеті жоқ. Әрі сақтандыру төлемдерін де сотқа жүгінбей-ақ алуға болады. Бәрі онлайн, арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Мұндай тәсіл әлем елдерінің тәжирибесінде бар екен. 

Сарапшылар ақылдасып, еурохаттама жүйесін негізге алуды жөн деп шешкен. Бірақ ол үшін бірнеше талап сақталуы керек. Мысалы, жол көлік оқиғасында зардап шеккендер болмауы тиіс. Сәйкесінше автомобильге келтірілген шығын ғана ескеріледі. Сондай-ақ апатқа түскен көлік саны екіден аспағаны маңызды. Тараптар өзара келісім жасаған соң қолданыстағы полистерге өздері туралы толық ақпаратты енгізеді. Ал келтірілген залалдың шекті мөлшері сақтандыру төлемінің ең жоғары сомасына тең болуы шарт.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: