Сенбі, 27 сәуiр, 01:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Еркін елдің ұрпағы

04.05.2023

788 0

ҚАЖ қызметкерлері жалпыұлттық диктант жазу шарасына қатысты .
1мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі және Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін елдің ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті. Аталған шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де қатысты. Сағат 11:00-де басталған диктант жазу шарасына 37 мекемесі мен қалалық пробация қызметкерлері бір кісідей ұйымшылдықпен бір мезетте орындады. Диктант мәтінін ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тіл маманы Достанова Данагул Жеңісқызы жүргізді.

  • Жалпы диктант жазу қызметкерлердің сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да оятады.Жыл сайын өткізілетін жалпыұлттық диктант жазу шарасына мекеме қызметкерлері белсенділік танытып қатысып, алғысхатпен марапатталған қызметкерлер де болды. Мекемеде мемлекеттік тілді дамыту бағытында тіл маманының ұйымдастыруымен шаралар ұдайы өткізіліп тұрады.Тіл мәдениетін сақтауға тіл тазалығы үшін күресуге, тіл байлығын дамытуға бар күшімізді саламыз»,- деді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Оспанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: