Сейсенбі, 30 сәуiр, 15:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Есіркісіз өмір – ғажайып!

08.06.2023

531 0

Жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған айлық шеңберінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлеміндегі балалар сауықтыру лагерінің оқытушылар құрамымен бірлесіп акциялар ұйымдастырды, Шара барысында балалар флешмоб көрсетті, суреттер көрмесін әзірледі, спорттық шара мен үгіт-насихат қойылымын дайындады.
Жазғы кезеңде мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Полиция қызметкерлерінің басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Полиция қызметкерлері балалармен «спайс» шылым қоспалары, синтетикалық есірткілер, есірткінің түрлері, есірткі сатушылардың есірткіні қолдануға баулу әдістері туралы түсіндірме әңгімелер жүргізді.
Сонымен қатар Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тынығу лагеріндегі балаларды сыйлықтармен қуантты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: