Бейсенбі, 28 наурыз, 23:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Есірткі қылмысын әшкереледі

05.06.2021

610 0

Маусым айынан бастап республика бойынша «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасыжүріп жатыр. Аталмыш жедел шара аясында қызылордалық полицейлер  бірқатар есірткі қылмыстарының бетін ашты.

          Мәселен, 4 маусым күні қызылордалық учаскелік полиция инспекторлары есірткі өсірген азаматты қолға түсірді.

Өз үйінің ауласында 12 түп сора өсірген жергілікті тұрғынды Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Шәріпбаев Олжас пен полиция капитаны  Бекболатұлы Айдосұстады.

Қоғамның тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі үшін жауапты сала қызметкерлері – учаскелік полиция инспекторлары күні-түні аянбай еңбек етуде. Мезгілге бағынбай, жүктелген жауапкершілікті тиісінше абыроймен атқаратын учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнынан сора өсімдігін және оны баптап өсіруге арналған құрал – саймандарды айғақ зат ретінде тәркіледі.

Бұл дерек бойынша Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  басталды. Қазіргі уақытта полицейлер орын алған оқиғаның мән-жайын  анықтауда.

Қызылорда қалалық Полиция басқарасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: