Жексенбі, 28 сәуiр, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Есірткісіз өмір ғажайып

09.04.2023

467 0

Қызылорда облысы көлемінде орта, орта арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында «Есірткісіз өмір ғажайып…» тақырыбында фотосайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты- кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемаларын және қатысушылардың ақпаратты қолжетімді ұсыну арқылы олардың жеке пікірлерін баяндау мүмкіндігін түсіндіру және өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануға тарту болып табылады.
Байқауға 06-18 жас аралығындағы 200-ден астам жастар қатысты, оның ішінде сайыстың екінші кезеңіне 60 қатысушы өтті.
Байқауда қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, заманауи техниканың мүмкіндіктерін пайдаланып, өз суреттерінде нашақорлық проблемаларын көрсете алды.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес: 25 қатысушы аймақтық жеңімпаз деп танылды.
Жүлдегерлер: Арал ауданының №69 орта мектеп оқушысы Қойшанова Еркеназ, Қазалы ауданының №249 орта мектеп – лицей оқущысы Мақсат Али-Имран, Шиелі ауданының №46 орта мектеп – лицей оқушысы Ақәділ Аделя, Қызылорда қаласының №3 орта мектеп – лицей оқушысы Балтабай Айзере, Қызылорда қаласының №271,280 орта мектеп оқушылары Қарғабай Жұлдызай және Мұханбетәлі Ұлан, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледж студенттері Ғалымжан Зарина мен Абсатқызы Малика, «ORDA» жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Ғалымжанқызы Анель.
Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: