Сейсенбі, 23 сәуiр, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Халықаралық есірткі айналымын ұйымдастырушылар ұсталды – ҰҚК

06.07.2022

390 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстанның күш құрылымдарымен бірлесе іс-әрекет етіп, Орталық Азия елдеріне бағытталған заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық синдикаттың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көп кезеңді жедел іс-шаралар шеңберінде 2-3 маусымда Алматы қаласында «альфа-PVP» есірткі затының 17,7 келісін тасымалдау және сақтау кезінде есірткі қылмысына қатысты топтың 4 көмекшісі ұсталды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды. Есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналған болып шықты. Қылмыстық топтың байланыстарын жою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен өзара іс-қимылды іске асырды. Нәтижесінде, 5 маусымда Бішкек қаласында жасырын жерден 3 келі есірткі затын алу кезінде Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды. Арнайы операцияның соңғы кезеңі Өскемен және Шымкент қалаларындағы бірмезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталуымен аяқталды. Оларды тексеру барысында 2 келі есірткі табылды», – делінген Комитет ақпаратында.

Жалпы, терроризмге қарсы операция барысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 22,7 келі (68 мың бір реттік дозаға тең).

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс-шаралар жүріп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: