Сейсенбі, 07 мамыр, 07:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ішімдік сатылмайтын ауылда бір жарым жыл ішінде ешқандай қылмыс болмаған

08.05.2021

1182 0

Қызылорда облысының Шиелі ауданында Жиделіарық ауылы бар. Ауылда бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бейбіт тұрғындар мен учаскелік инспектордың жұмысы туралы polisia kz жазды.

Мұнда 518 отбасы (мыңнан астам адам) тұрады. Барлығының күнкөрісі мал шаруасы. Өйткені ауылдық жерлерде мал мен егін – отбасының әл-ауқатының негізі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұған тұрғындардың достық қарым-қатынасы және учаскелік инспектор қабылдаған нақты шаралар ықпал еткен. Айта кету керек, ауылда екі дүкен бар, бірақ олардың ешқайсысында алкоголь сатылмайды.

Тоқтарбай Дулатов – осы жердің тумасы. Учаскелік инспектор бола отырып, ол бірінші кезекте тұрғындармен және ақсақалдармен, кент әкімшілігімен, мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен өзара іс-қимылды жолға қойған.

Учаскелік инспектор ауыл әкімшілігімен бірге мал жаюды ұйымдастырып, бақылауда ұстайды. Сонымен қатар Тоқтарбай көмекшілерімен бірге атпен немесе көлікпен кентті және оның айналасын тұрақты патрульдейді.

– Тоқтар бізге қалай келді, ауылда қылмыс азайды. Біздің ауылда қазір мал ұрламайды деп айтуға болады. Учаскелік инспектор мектеппен өте тығыз жұмыс істейді. Ол аптасына кемінде екі рет оқушылармен және ата-аналармен кешкі рейд ұйымдастырады, – деді ауыл әкімі Ерлан Әбілдашев.

Жиделіарықта «Сақшы-Сарбаз»қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Күн сайын екі ауыл тұрғыны учаскелік инспекторға тәртіпті қадағалауға көмектеседі. Жалпы Қызылорда облысы бойынша мал ұрлығы фактілері 20% -ға азайды. Бұған құқық қорғау органдарының арнайы әзірлеген алдын алу шаралары және осы қылмыс үшін жазаны күшейтуі ықпал етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: