Жұма, 11 қазан, 04:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Ішкі істер министрлігінің кейбір функциялары өзгереді

26.02.2023

594 0

ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігіне экстремизм мен терроризмге қатысты істерді ашу үшін құзырлы органдардың қызметін үйлестіру құзыреті берілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мүдделі қызметтері арасында өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді», – делінген құжатта.

Қаулыға қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама экстремистік және террористік ұйымдардың қылмысын ашу бағытындағы құзырлы органдардың қызметін орталықтандыру мақсатында ұсынылып отырғаны жазылған.

«Бұл шара экстремистік және террористік ұйымдардың қылмысын, сондай-ақ криминалды бағыттағы деструктивті діни ағым ұстанушылары жасаған қылмыстарды ашуға және тергелуін одан әрі сүйемелдеуге қатысты криминиалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерімен ІІО құзырлы қызметтерінің жұмысын орталықтандыра отырып үйлестіруге мүмкіндік береді», – деп түсіндірме берілген өзгеріске.

Қаулыны ашық талқылау 13 наурызға дейін жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: