Жұма, 17 мамыр, 12:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Электрондық құжаттар мен талап арыздарды «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы беру тиімді

17.02.2023

714 0

Азаматтардың қолайлылығы үшін, сот жүйесіндегі жаңа заманауи технологиялардың дамуына байланысты, сот жүйесіне енгізілген «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық талап арыздар мен құжаттарды беру тәртібін халыққа оқытып түсіндіру, сот ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы құжаттарды беру тәртібін насихаттау мақсатында семинар, тренинг, дөңгелек үстел сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.

 «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы құжаттар беру тиімді, себебі сотқа жүгінуші тараптар сотқа келіп әуереге салынбай үйде отырып ғаламтор арқылы www.sud.kz  сайты арқылы электронды түрде  бере алады.

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы құжаттар жолдау үшін қойылатын негізгі талаптар мыналар:

– ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электронды цифрлі қолтаңбасы және ЖСН мен БСН арқылы Сот кабинетінде авторландыру жасап

 – Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа электронды құжаттарды «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге құқылы. Ол үшін аталған тұлғаларға «Сот кабинеті» сервисінде тіркелу қажет.

– «Сот кабинеті» сервисінде авторлану ЖСН немесе БСН және пароль арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды заңды тұлғаның өкілі берген кезде авторлану БСН арқылы жүргізіледі.

Сотқа  арыз  шағым беруші тұлға, құжаттың жолданғандығы, уақыты мен күні көрсетілген хабарламаны шығарып алуға, сонымен қатар  сот процесіне қатысушылардың өздері істердің  қарау мерізімдері мен танысуға мүмкіндігі де қарастырылған.

Гүлнар Таженова,

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының 

бас  маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: