Дүйсенбі, 15 шiлде, 19:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55-2065
13.07.2024
PDF мұрағаты

Кәрім Мәсімов қанша жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды

24.04.2023

581 0

Сот Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы), А.Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Осиповқа (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот істі «аса құпия»деген белгісімен қарады.

Тергеу бойынша мынадай айыптар тағылды: 

К. Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды.

Ерғожин Д. ҚР-да билікті күшпен басып алуда (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануда (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы).

Осипов М. билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануда (ҚК 362-бабының 3-бөлігі).

Сот шешімі

Қ. Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

А. Садықұлов ҚК – нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Ерғожин Д.ҚК – нің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Осипов М.Қылмыстық кодекстің 362 – бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д.Ерғожин және М. Осипов генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

Мемлекет кірісіне 10 миллиард теңге және 24 миллион АҚШ долларынан астам астам өндірілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: