Бейсенбі, 25 сәуiр, 13:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Кітапхананың сотталғандарды тәрбиелеудегі маңызы зор

20.10.2022

355 0

Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесіндегі кітапхана – сотталғандарды тәрбиелеу мақсатына қолданылады.

Мұнда штаттық негізде Қашқынбаев Дияс Болатұлы кітапханашы болып жұмыс жасайды. Жаңадан келген жас маманның айтуы бойынша:

  • Қауіпсіздігі аралас бұл жабық мекемедегі кітапхананың басқа кітапханалардан ерекшелігі мұндағы оқырмандар, заңды бұзып істі болған азаматтар.

Сондықтан, камераларға кітап тарату үшін арнайы бақылаушы қызметкерлердің айдауылдауымен бірге барамын.

Ал шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар өздері келіп, шығармаларын таңдап алып оқиды.

Мен оларды арнайы тіркеу журналына белгілеп отырамын.

Бүгінгі таңда кітапханада 4735 кітап қоры бар.

Бұдан бөлек «Юридическая газета», «Заң», «Үміт сәулесі», «Мысль» және тағы басқада газет-журналдардың жинақтамасы да бар.

Жыл басында жоспар жасалып, сол жоспар негізінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мұндағы сотталғандардың кітап таңдаудағы талғамы әртүрлі.

Көбісі әдеби кітаптарды қалағанмен, арасында танымдық, кейде діни кітаптарды сұрайтындар да бар.

Сондықтанда, кез-келген кітаптар мен газет журналдар сөрелерге қойылардан бұрын, мекеме теологтары мен қызметкерлер тарапынан радикалдық бағыттағы және шытырман оқиғалы туындылар мен мекеме ішіне алып өтуге тыйым салынған заттардың бар жоқтығын анықтау мақсатында арнайы тексерісінен өтіледі.

  • Жылдан-жылға сотталған азаматтар арасында кітап оқитындардың саны артып келеді.

Осыған байланысты , кітап қорын арттыру мақсатында жан-жақты тынбай ізденіп жұмыстар жасадық.

2021жылы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  директоры  Г.Рахметова 150 кітап, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан 300-ге жуық кітап әкелінген болатын.

Биыл 2022 жылы қыркүйек айында, осы Ә.Тәжібаев атындағы кітапханасынан алдын ала сұраныс жіберіп, 93 –ге жуық кітап алынды.

Сондай-ақ, қаламыздағы жастар арасында құрылған «Кітап құрттары» ұйымының жетекшісі  Талғат Меңдібай Амангелдіұлымен байланысып, сол азаматтың ұйымдастырумен өткен « Кітап сыйла» акциясы аясында 30-дан аса кітапқа қол жеткіздік.

Бұл әкелінген кітаптар арасынан сотталғандарға, патриоттық, ұлтжандылық тәрбие беру мақсатында класик ақын- жазушыларымыз Сәкен Сейфулин, Мұхтар Әуезов,ұлы Абай мен Шәкәрімнің шығармаларын оқытып, талдаттық.

Іс-шарадан соң, сотталғандар өлең шығарып, эссе, шығарма жазып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Олай болса, мекеме кітапханасындағы кітаптардың сотталғандардың өмірге деген көзқарасын қайта бағыттау мен оң тәрбие берудегі маңызы зор- дейді,мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,әділет майоры Қ.Олжабаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: