Сенбі, 25 мамыр, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Майор Гүлмира

07.03.2023

547 0

Отбасымен жұмысты қатар алып жүрген майор Гүлмира Алтынбек 2010 жылдан бастап Ішкі істер органында еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде кадр саясаты бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етеді. Құзырлы органдық құрылымның ішінде аталмыш басқарманың рөлі ерекше.
«Мұнда еңбек ету әр қызметкерден кәсібилік пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі жоғары жауапкершілікті сезінетін қызметкерлер ғана осы маңызды механизмнің үйлесімді және тиімді жұмысын жүргізе алады. Дәл осындай мұқияттылықтың арқасында бірде-бір рет тәртіптік шараға тартылмай, керісінше түрлі марапат иесі атандым. ІІМ-нен беріліп отырған төсбелгінің де маңызы зор» — деді Гүлмира Алтынбек.
Жоғарғы мемлекеттік марапаттарға ие болған маман қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек ете жүріп, жанұясына да ерекше көңіл бөледі. Ол бүгінгі таңда екі ұл тәрбиелеп отырған аяулы ана. Төзімділік пен мейірімділікті бойына сіңірген ару қызметтің қиындығына қарамастан, отбасы мен жұмыстың тізгінін қатар алып жүр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: