Дүйсенбі, 04 қараша, 03:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Наубайханада жұмыс істеп, телефонды қолды етіп, несие рәсімдеген азаматша ұсталды

21.06.2021

880 0

Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны жүгініп, наубайханың демалыс бөлмесінде тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кетіп, банк қосымшасы арқылы құны 480 мың теңгеден аса ниесие рәсімдеп алғанын көрсеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол сол наубайханада екі ай меңгеруші болып жұмыс істеген азаматша болып шықты. Оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: