Жұма, 03 мамыр, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Өңірде 45 есірткі қылмысы тіркелген

23.04.2024

250 0

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды. Осы жылдың І тоқсанының қорытындысымен 45 есірткі қылмысы тіркелген (оның ішінде өсіру – 1, өткізу – 7, аса ірі көлемде сақтау – 1 , жарнамалау – 1).

Заңсыз айналымнан 1 кг 996 гр есірткі заты алынған, оның ішінде 24,812 гр синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Есепті мерзімде есірткі қылмысын жасағаны үшін барлығы 154 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген жедел іздестіру шаралар барысында үй ауласындағы жылыжайдан сора өсімдігін өсіріп марихуана өндірген қала тұрғыны құрықталып, фитозертхана анықталып, тінту барысында 214 түп сора өсімдігі мен 5 кг.-нан аса марихуана және «гашиш» есірткі заттары дәлелдеме ретінде алынды.

Есірткінің синтетикалық түрін анықтау мақсатында жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «меф» және «a-PVP» синтетикасын аса ірі мөлшерде тасымалдаудың 2 дерегі анықталып, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары құрықталды. Сонымен қатар, адам ұрлау және бопсалау деректері де анықталып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жүргзілуде.

Облыс орталығында полицияның кешенді күштерімен күнделікті нарядтарда көп қабатты үй аулалары, гараждар мен құрылыс аумақтары арасында тексеру жұмыстары үнемі жүргізіліп, жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы шолу жұмыстары жүргізіліп, есірткі жарнамалаудың 1 дерегі анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: