Бейсенбі, 02 мамыр, 13:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушылар мен студенттерге есірткі қолданудың салдары туралы айтылды

24.02.2023

504 0

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері есірткінің зияны туралы облыстың оқу орындарында 60-тан астам кездесу, дәріс, терннингтер өткізуде.
Оқушы, студенттерге қазіргі есірткі ахуалының динамикасы, нашақорлықтың медициналық, әлеуметтік, құқықтық мәселелер мен есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы айтылып, тергеу және сот практикасынан мысалдар келтірілді. Дәрістер барысында қатысушылар нашақорлықтың пайда болу тетіктерін талқылады.


Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және психоактивті заттарды тұтынудың адам ағзасына тигізетін кері салдарының әсері, сондай-ақ электронды темекі мен энергетикалық сусындарды пайдаланудың қауіптілігі талқыланды.
Аталған кездесулер барысында арнайы бейне роликтер көрсетіліп, полиграфиялық өнімдер таратылды.
Полиция қызметкерлерімен бірге осы бағыттағы жұмыстарды іске асыруға үкіметтік емес ұйымдарда атсалысты.
Іс-шараларға жастар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өздеріде сұрақтар қойды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: