Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтар үстел теннисінен өткен жарыста жүлделі орын иеленді

24.02.2023

553 0

Бүгінгі таңда қоғамның маңызды мәселелерінің бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеу, олардың уақытын тиімді пайдаланып түрлі мәдени-спорттық шараларға қатыстыру және әрі қарай азаматтық қоғамға сіңісіп кетуі болып табылады.
Жалағаш ауданында «Наркескен» спорттық клубының ұйымдастыруымен үстел теннисінен жарыс өтті.
Спорттық шараға пробация есебіндегі сотталғандар қатысып жарыс көркін қыздырды. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Әр қатысушы өзінің жеңімпаз атануға лайықты екендіктерін көрсетті. Алайда «жарыс болғаннан кейін, жеңімпаз болады» демекші үздік ойын өрнегін көрсеткендер қатары анықталып, олар ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат пен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
«Бүгінгі шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу. Бұл жарыста пробация қызметінің есебіндегі жастар тартысты ойын көрсетті. А.есімді азамат бірінші орынды жеңіп алса, екінші, үшінші орынды С және Д есімді азамат өзара бөлісті. Белсенділік танытып жарысқа қатысқандар да марапатталды »,- деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Асылжан Сақыбеков.
«Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Мәдени- спорттық шараларға жиі қатысып түрамын. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. Жарыс қорытындысымен жүлделі бірінші орын алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.
Мұндай спорттық шараларға сотталған азаматтарды жиі қатыстыру, олардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: