Дүйсенбі, 20 мамыр, 05:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтар жұмысқа орналастырылды

07.02.2024

275 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп жатыр. Жуырда Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарында аудандық прокуратура мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, осы жәрмеңкеден 31 сотталған екі қолға бір күрек тауып жұмысқа орналасты.
Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Ербол Сражатовтың айтуынша жәрмеңкеге 8 сотталған жұмыс іздеуші ретінде қатысып, 4 сотталған жұмысқа орналасқан. Олардың 3-еуі ақылы қоғамдық жұмысқа, ал біреуі «аспазшы» қайта даярлау оқуына жолдама алды. Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыстың алдын алу шараларының бірі болып табылады.Алдағы уақытта да жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғасын табатын болады,- деді Ербол Сражатов.

Ал Арал аудандық пробация қызметінің есебінде 64 сотталған есепте тұрады.Осы азаматтар арасынан 4 жұмыссыз азамат бос орындар жәрмеңкесінің нәтижесінде жұмысқа орналасқан.

–Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «ақылы қоғамдық жұмысқа жұмысшы ретінде жолдама алдым. Қыс мезгілінде жұмыс табу да қиын. Адал еңбек етіп, отбасымды асырауыма мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, -деді есептегі сотталған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: