Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілді

07.11.2024

357 0

Бүгін Жалағаш аудандық жастар орталығы ғимаратында өткен семинар-тренингте қылмыстың қайталануының алдын алу, жоғалтқан әлеуметтік-қажетті байланыстарды қалпына келтіру, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және босатылғаннан кейін оның мәселелерін шешуге қажет қызмет түрін айқындау мәселелері қаралды.
Кездесуге Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әдіскері С.Алиев, аудандық пробация қызметінің инспекторы Е. Оразалыұлы және аудандық Отбасы қолдау орталығының психологы А.Темірбекқызы мен “Ұлы Орда Күші” қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Айдынбай қатысты.
Шарада аудан бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандар, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру және елдегі тұрақтылықты, тыныштықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді. Яғни, олардың тұрақты жұмыспен қамтылуы, дер кезінде психологиялық көмек алуы керектігі түсіндірілді.
Шара соныңда азаматтар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: