Сенбі, 11 мамыр, 19:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтарға  жадынама таратылды

12.04.2024

385 0

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат есепте тұрады. Пробация инспекторлары есептегі  азаматтардың қайта қылмыс жасуын болдырмау үшін алдын алу шараларын   үздіксіз жүргізеді. Оларды күнделікті мекенжайларынан тексеріп, жағдайларымен танысып,  мәдени-спорттық іс –шараларға қатыстырып, қажетті көмек көрсету жұмыстарын жасайды. Бүгін қалалық пробация қызметінің инспекторлары қайта қылмыстың алдын алу бойынша сотталғандардың мекенжайларына барып, профилактикалық сұхбаттар жүргізіп, жадынама қағаздарын таратты.

Біздің басты мақсатымыз- пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың қайта қылмыстық құқықбұзушылыққа бармауы үшін мінез –құлқын түзетуге профилактикалық шаралар жүргізу. Оларға  әлеуметтік-құқықтық  көмек түрлері жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру,психологиялық көмектер беріледі. Жыл басынан 25 азамат жұмысқа тұрғызылса , 6 азаматтың құжаттарын қайта қалпына келтіруге көмек көрсеттік.Сонымен қоса 127 адамға психологиялық, 14 адамға медициналық көмек көрсетілді,- дейді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет капитаны Гүлнұр Байсариева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: