Сенбі, 27 сәуiр, 17:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі сотталғандардың отбасына азық-түлік таратылды

27.03.2024

385 0

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі” атты әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға қайырымдылық акциясы болды. Ол акциядан Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарда құр қалмады. Акцияның мақсаты – пробация есебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлікпен көмек көрсете отырып, олардың әлеуметтік жағдайына демеу болу. Қармақшы аудандық пробация қызметі аталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдармен бірлесіп, өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көмек алған отбасылар ризашылық көңілдерін жеткізіп, құқық қорғау және уәкілетті органдарға алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: