Сенбі, 27 сәуiр, 11:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегілер жеке кәсіпкермен кездесті

28.03.2024

263 0

Бүгін Қазалы аудандық прокуратурасының, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация қызметінде есепте тұрған жастармен бейімдік кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеп, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында пробация жастарына, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік бағытта қайтарымсыз грант ұтып, кәсібін дөңгелетіп отырған жас Ембергенов Талғаттың жұмысымен таныстырды.
Кәсіпкерлік саласы бойынша қызығушылықтарын арттырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
‘ Бүгінгі жас кәсіпкердің дөңгелетіп отырған кәсібін көзбен көріп, жеке кәсібімді ашсам деген арман пайда болды. Кәсіп бастау үшін қаражат қажет, қайтарымсыз грант туралы да білдім. Біз сияқты шалыс басқан азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін көмек арманымызды іске асыруға мүмкіндік береді, -дейді есептегі азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: