Сейсенбі, 21 мамыр, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Пробация қызметкерлері дөңгелек үстелге қатысты

29.04.2024

240 0

Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында Қызылорда облысы полиция департаменті ЖПҚ-і басқармасының учаскелік полиция кызметін ұйымдастыру тобының инспекторы полиция капитаны С.Куздикеновпен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің бас маманы А.Мырзабектың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық жұмыспен қамту бөлімі, мансап орталығы, медицина, полиция және пробация қызметі қатысты.
Кездесудің басты мақсаты- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 263, Қазакстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 81, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 171 бірлескен бұйрығын бекіту туралы «Пробация қызметінің және полицияның жергілікті атқарушы органдармен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылган сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ пробация қызметінің, полицияның есебінде тұрган адамдарга әлеуметтік құқықтық көмек көрсету жөніндегі өзара іс-қимыл жас ау тетіктерінің алгоритмі» таныстырылып, кеңінен талқыланды. Оған қоса, аталған органдар ағымдағы жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары тоқталып, алдағы жоспарланған тоқсанда атқарылар жұмыстарға бағыт-бағдар берді.

Жүнісов Жақсыбек Әділханұлы,

Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: