Сенбі, 26 қазан, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

Прокуратура кәсіпкерлер мен инвесторларға «Ашық есік күнін» өткізді

11.07.2024

331 0

Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 4 шілдесінде Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға кәсіпкерлер, мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, Атамекен кәсіпкерлер палатасының, «Kazakhinvest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өңірлік басшылығы және бизнес өкілдері қатысты.

Облыс прокуроры бірқатар кәсіпкерлерді қабылдап, олардың көтерген мәселелерін тыңдады.  

Бұл ретте шараға қатысқан уәкілетті органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ағымдағы жылы Қызылорда облысының прокуратура органдарымен қабылданған шаралардың нәтижесінде 2740 кәсіпкердің құқығы қорғалды, 22 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 11 кәсіпкерге тиесілі 25 млн теңге өтелді.

Прокуратураларда кәсіпкерлерге дереу қолдау шараларын іске асыру үшін тәулік бойы жұмыс жасайтын мобильді топтардың жұмысы ұйымдастырылған.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топпен 64 сигнал қаралып, 52-незаңталаптары түсіндірілді,
12 шағым қанағаттандырылды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде.

Осы орайда прокуратура органдарының сүйемелдеуімен 725 млрд теңгенің 10 инвестициялық жобасы бойынша кедергілер мен заңсыздықтар жойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қатаң бақылауда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: