Жұма, 19 сәуiр, 00:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қаңтарда «Дикий Арманды» арнайы ұшақпен алдыртқан

12.07.2022

492 0

Алматыға ол өздігінен ұшып келе алмайды. Өйткені, ол іздеуде жүрген адам.

Қаңтар оқиғасы кезінде «Дикий Арманды» Алматыға билік органдарының арнайы ұшағымен алдыртқан. Бұл туралы белгілі адвокат Абзал Құспан «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ол өздігінен ұшып келе алмайды. Билік органдарының, белгілі бір құқық органдарының арнайы ұшағымен алдырылды деген әңгіме бар. Әйтпесе, әдеттегі ұшаққа билет сатып алып, Алматыға ұшып келе алмайды. Өйткені, ол іздеуде ғой. Шекара бекеттерінде, кедет бекеттерінде оған «қызыл жалауша» тұрды ғой. Ол құжатын көрсеткен бойда ол дереу қамауға алынуы керек.

Әлеуметтік желісі арқылы оның Түркияда тұрғанын бәріміз білеміз. Қаңтар оқиғасында елдің ортасында жүр. Қолына қару ұстап алған. Айналасында қарулы азаматтар кілең. Содан-ақ, түсінікті ғой. «Дикий Арманның» жігіттері тек Алматыда болған жоқ. Барлық өңірде жүрді. Қылмыста ұйымдастырушы деген болады. Орындаушы деген болады. «Дикий Арманның» рөлі орындаушылық қана. Нақты болып жатқан процесстерге араласу, белгілі бір тапсырмаларды орындау ғана. Негізі міндеттері арандату», – деді Абзал Құспан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: