Жұма, 27 желтоқсан, 15:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазалыда пробация есебіндегі 13 сотталғанға тегін дәрі- дәрмек қобдишасы таратылды

29.09.2021

621 0

Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі пробация есебінде тұратын әлеуметтік көмекке мұқтаж 13 сотталғанға дәрі- дәрмек қобдишасын таратты. Мамандардың айтуынша бұл көмек Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы грант туралы келісім желісі бойынша табысы аз отбасыларды дәрі- дәрмекпен және бастапқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жобасын іске асыру шеңберінде берілген. Дәрі-дәрмек қобдишасында бетперде және антисептик құралдары, ыстықты түсіретін, аурумен күресетін және иммунитетті көтеретін дәрілер де бар.

Аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Ербол Сражатовтың айтуынша әлеуметтік көмек бірінші кезекте тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға беріледі. Жыл басынан пробация есебінде тұратын 61 сотталғанның 36- сы тегін медициналық көмек алған. Бұған дейін де аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі есептегі бес азаматқа азық- түлік себеттерін таратқан болатын.

Көмек алған азаматтар пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандарына алғысын айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: