Сейсенбі, 23 сәуiр, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Түркия әскери әріптестік жоспарына қол қойды

05.05.2021

1653 0

Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жоспарға қол қою алдында екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы штабтық келіссөздер жүргізілді. Қазақстан тарапын Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Хусаинов басқарды.

Құжат өңірлік қауіпсіздік мәселелері, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу саласындағы 17 іс-шараны қамтиды. Барлау және шабуылдаушы пилотсыз құралдарды қолдану тактикасы бойынша тәжірибе алмасу көзделген. Келіссөздер шеңберінде әскери білім және ғылым саласындағы өзара іс-қимыл қаралды,

Сондай-ақ, 2022-2023 оқу жылында әскери қызметшілерді оқыту жоспары келісілді.

Дереккөз: inform.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: