Дүйсенбі, 06 мамыр, 09:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестірілуде

25.01.2024

424 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар. Бұл туралы қазақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі Алматы қаласында — 278 адам, содан соң Қарағанды — 217, Павлодар — 170, Алматы облыстарында — 152 адам тіркелген.

Үйден кетіп, оралмаған — 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған — 73, жұмыстан кеткен — 38 адам дерексіз.

«Көбінесе 30-49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%). Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде. Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (496)
Астана қаласында (183)
Шымкент қаласында (149)
Алматы (164)
Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде», — деп жазды бақылаушы органнан.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: